Шымкентте ер адам ойын клубының операторына шабуыл жасаған

Ер адам 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып қалған.

Шымкентте ер адам ойын клубының операторына шабуыл жасаған
видеодан кадр
972

Шымкентте ойын клубының операторына шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін ол 3 миллион 800 мың теңгесін ұтылып, материалдық шығынның орнын қарақшылықпен толықтыруға бел буған.

«Мекеме қызметкерін пышақпен қорқытқан ер адам сейфтегі 4 миллион теңгені иемденіп, ізін суытқан. Жәбірленуші оқиға туралы дереу полицияға хабарлаған», - делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Жедел уәкілдері күдіктіні қала аумағында «ізін суытпай»  ұстады. 28 жастағы жергілікті тұрғын УҰИ-ға қамалды.

ҚР ҚК 192-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары