Қостанайдағы жарылыс: бір адам көз жұмды

11 желтоқсан 12:36 шамасында Энергетиктер көшесі, 1 мекен-жайында газ-ауа қоспасы жарылған.

Қостанайдағы жарылыс: бір адам көз жұмды
Қостанай облыстық ТЖД
948

Қостанайда жүк автомобильдерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

11 желтоқсан 12:36 шамасында Энергетиктер көшесі, 1 мекен-жайында газ-ауа қоспасы жарылып, адамдар үйіндінің астында қалған.

"Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді. Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы бір адамның денесі табылды. Марқұмның кім екені анықталды. Іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр", - дейді ведомстводағылар.
 

Серіктес жаңалықтары