Жастар қанатының көлікті тұраққа дұрыс қою акциясы Алматы және Шымкент қалаларында жалғасты

«Жастар Рухы» Жастар қанаты «Қауіпсіз қоғам» қоғамдық науқаны аясында жан-жақты кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Жастар қанатының көлікті тұраққа дұрыс қою акциясы Алматы және Шымкент қалаларында жалғасты
835

Көшелер кездейсоқ қойылған көліктерге толы. Көлікті дұрыс көлік тұрағына қою үлкен тәжірибені талап етеді. Өйткені көлікті тұраққа дұрыс қою – өз тыныштығыңыздың, айыппұл мен шығынға ұшырамаудың, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен өзге де жүргізушілердің алғысын алуға болатын жақсы дағды.

Естеріңізде болса, өткен аптада «Жастар Рухы» Жастар қанатының бір топ белсенділері мен полиция департаменті қызметкерлерімен «Дұрыс емес көлік тұрағын анықтау» бойынша акция бастау алған болатын.

Аталған акция Алматы және Шымкент қалаларында жалғасын тапты. Акция барысында жүргізушілерге белгіленбеген орындарда көлікті қою және оған салынатын айыпұл мөлшері туралы жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Іс-шара «Қауіпсіз қоғам» қоғамдық науқаны аясында ұйымдастырылуда.

Алматы қалалық Полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ағаділ Мусалимов Алматының әрбір төртінші тұрғыны автокөлік жүргізушісі дейді.

«Алматы мегаполис болғандықтан, мұнда автокөліктердің де жетіп артыларлық. Тиісінше, жол қозғалысы мен тұрақтарға байланысты анықталатын бұзушылықтар да аз емес. Жүргізушілер жол жиегіне көлікті қалдырып дүкенге кіріп кететін, рұқсат етілмеген орындарда, көлікті мүгедектігі бар адамдардың тұрақ орнына қою, басқа жүргізушілердің қозғалысына кедергі келтіру сынды бұзушылықтар күн санап анықталуда. Бүгін Жастар қанатының белсенділерімен осындай бұзушылықтардың алдын алып, түсіндіру үшін жүргізушілерге жадынамалар таратудамыз. Бұл мұндай бұзушылықтардың санының азаюына пайдасы тиеді деп сенеміз»,- деді полиция аға лейтенанты.

Сондай-ақ полиция департаментімен белгіленбеген орындарда автокөлік тұрағына бақылау күшейтілді. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері күн сайын жүргізетін мақсатты рейдтік іс-шаралар қаладағы жол жағдайын тұрақтандыруға, апаттарды азайтуға, сондай-ақ жүргізушілер арасындағы тәртіпті жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Қауіпсіз қоғам» қоғамдық науқаны аясында жан-жақты кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Жол қозғалысымен қатар, вандализм, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмаған жастар бойынша құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша бірлескен мониторингтар өтуде. Аталған акция жылдың соңына дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары