Қостанайда жарылыс кезінде үш адам көз жұмған

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, 7 жеңіл және 5 ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстарына зақым келген.

Фото: Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
1035

Қостанай қаласында Амангелді тұрғын үй алабында 11 желтоқсанда сағат 12:36-да жарылыс болды. Төтеншеліктер үйінді астында қалып кеткен 12 адамды құқарды. Өкінішке қарай, төтенше жағдай кезінде үш адамның мерт болғаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 12 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, үш адамды құтқару мүмкін болмады.

Сондай-ақ облыстық ауруханаға төрт адам, қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Медициналық көмекке бір адам өз бетінше жүгінді, тағы бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық қызметтер кешені көрсетіліп жатыр. 

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, 7 жеңіл және 5 ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстарына зақым келген. 

Қостанай қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі, «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары