Астаналық еріктілер аязды күндері ыстық шай мен бауырсақ таратты

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр.

Астаналық еріктілер аязды күндері ыстық шай мен бауырсақ таратты
Астанп қаласының әкімдігі
894

Аязға және ауа райының нашарлауына байланысты елордалық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты. Олар аялдама кешендерін аралап, кондукторларға, жүргізушілер мен жолаушыларға тәтті дәмділер ұсынды, деп хабарлады Turkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Мәселен, аязды күндері еріктілер өтіп бара жатқан адамдарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынды.

«Қазір қалада аяз күшейіп тұр. Мектептердегі сабақтар тоқтатылды. Осындай игі әрекеттермен біз айналамызда жылы, достық қарым-қатынас орнатамыз, жастарға қайырымдылықты насихаттаймыз. Акция қыс бойы өткізілетін болады, біз барлығын қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз», – деді Айзат Әли.

Еріктілер сонымен қатар автокөлік иелерін кішкентай балалары бар әйелдерді тегін тасымалдауға шақырды.

Қала тұрғындары эстафетаға қосыла алады және ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімболуәдет, #Мейірімділікөмір #сәнқой мейірімді хэштегімен ақпарат немесе видео жариялай алады.

Серіктес жаңалықтары