896
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді
Чемпионатқа қатысуға 74 спортшы өтінім берген.
13-15 желтоқсан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 14 желтоқсан күні қатысушылар қысқа бағдарламаны орындаса, 15 желтоқсанда еркін бағдарлама жоспарланған.
Чемпионатқа қатысуға 74 спортшы өтінім берген.
Олардың арасында еліміздің үздіктері Михаил Шайдоров пен Рахат Бралин және Диас Жиренбаевтар бар.
Қыздар арасында Анна Левковец, Софья Фарафоновалар сынға түседі.