Еліміздің 11 облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Жүк автокөліктері үшін Ұлытау облысында «Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 756-788 км, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы жабық.

Еліміздің 11 облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
1147

Ауа райының нашарлауына (күннің күрт суытуы, қарлы боран, айналаның көріну деңгейінің төменгі) байланысты 11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін мына жолдарда шектеулер енгізілді:

  • Ақмола облысында - 20 жол учаскесі;
  • Ақтөбе облысында – «Қарабұтақ-Комсомоль-Денисовка-Рудный-Костанай» тас жолы, 0-234 км, Қарабұтақ ауылы - Қостанай облысының шекарасы;
  • Алматы облысында - 4 жол учаскесі;
  • Жетісу облысында – «Үшарал-Достық» тас жолы, 84-184 км, Көктұма стансасы - Достық стансасы;
  • Қостанай облысында - 7 жол учаскесі;
  • Маңғыстау облысында – 2 жол учаскесі;
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 14 жол учаскесі;
  • Түркістан облысында – «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолы, 593-652 км, Жамбыл облысының шекарасы - Машат ауылы.

Барлық автокөліктер үшін мына жолдарда шектеулер енгізілді:

  • Жамбыл облысында - 6 жол учаскесі;
  • Павлодар облысында – 2 жол учаскесі;
  • Қарағанды облысында - 7 жол учаскесі.

Жүк автокөліктері үшін Ұлытау облысында «Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 756-788 км, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы жабық. 

 

Серіктес жаңалықтары