12 миллион теңге пара алмақ болған бөлім басшысы ұсталды

Ол параны жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін алмақ болған.

12 миллион теңге пара алмақ болған бөлім басшысы ұсталды
Ашық дереккөз
1202

Алматы Білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 млн теңге көлемінде пара алуға әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.

"Сондай-ақ қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді", - делінген ведомство жазбасында. 

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептеледi.

Серіктес жаңалықтары