Қазақстанда кедейлік деңгейі ең жоғары өңір аталды

Кедейлік деңгейі – тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.

Қазақстанда кедейлік деңгейі ең жоғары өңір аталды
ашық дереккөз
976

Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы III тоқсанда 5,6% құрады, деп хабарлады turkystan.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан облысында (9,6%), ал ең азы – Қарағанды облысы және Астана қаласында (2,7%-дан) тіркелді.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 10%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

«Кедейлік деңгейі – тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2023 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 51 710 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары