Аяз, көктайғақ: Бес облыстағы тасжолдарда көлік кептелісі пайда болды

Ауа райының қолайсыз жағдайы осымен бесінші күн жалғасып жатыр.

Аяз, көктайғақ: Бес облыстағы тасжолдарда көлік кептелісі пайда болды
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
865

Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарындағы республикалық трассаларда автокөлік кептелісі пайда болды, деп хабарлады  turkystan.kz.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының мәліметі бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассаларда автокөліктердің жиналуы байқалып отыр. Ауа райының қолайсыз жағдайы осымен бесінші күн жалғасып жатыр. Мысалы, қардың көп түсуі, температураның күрт төмендеуі, кей жерлерде боран мен екпінді жел ұйытқып тұр.

2023-2024 жылғы қыс маусымының басынан бастап жолшылар 70-ке жуық көлік құралына көмек көрсетіп, 12 автокөлік жылы бокстарға жеткізіліп, 20-ға жуық азамат жылыту пункттеріне орналастырылған.

«Автомобиль жолдарының учаскелерінде 400 автокөлік құралы кептеліп қалды», - деді эксплуатация департаментінің директоры Дархан Сақанов.

Ол қазір бұл өңірлерде 30-32 градусқа дейін аяз, сондай-ақ боран және көктайғақ болғанын атап өтті. Республикалық маңызы бар автожолдарда күшейтілген режимде қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта республикалық автожолдар желісінде қысқы ұстау жұмыстарына 528 техника, 1231 жол қызметкері жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары