Өскеменде 17 жастағы жігіт өлі табылды

Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Өскеменде  17 жастағы жігіт өлі табылды
Ашық дереккөз
1625

Өскеменде 13 желтоқсанда із-түзсіз жоғалған 17 жастағы бозбаланың денесі бір күннен кейін табылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, 13 желтоқсан күні полицияға хабарласқан әйел адам ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

«Сол күні ол түскі уақытта үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған», - делінген ақпаратта.

14 желтоқсанда сағат 14.00 шамасында бозбаланың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары