Асхат Тағыберген тізімде жоқ: ФИФА Пушкаш сыйлығына үміткер үш футболшыны атады

Жеңімпаз есімі 2024 жылы 15 қаңтарда Лондон қаласында өтетін марапаттау рәсімінде белгілі болады.

Асхат Тағыберген тізімде жоқ: ФИФА Пушкаш сыйлығына үміткер үш футболшыны атады
ҚФФ
2023

ФИФА 2023 жылы үздік гол соққан ойыншыға берілетін Пушкаш сыйлығына үміткер үш номинантты жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Естеріңізде болса, бастапқыда Пушкаш сыйлығына 10 футболшы үміткер болатын. Үміткерлер қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген де болған еді. Асхат Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Дания құрамасының қақпасына соққан керемет голы үшін аталған сыйлыққа үміткерлер тізіміне ілінген болатын. 

Алайда, кеше ФИФА жариялаған үздік үштік арасында Асхат жоқ.

Пушкаш сыйлығына үміткерлер:

«Брайтон» командасының жартылай қорғаушысы – Хулио Энсисон

Нуну Мигела Сантуша из «Спортинг» командасының ойыншысы  – Нуну Мигел Сантуш

«Ботафого» футболшысы  – Гильерме Мадруга.

Жеңімпаз есімі 2024 жылы 15 қаңтарда Лондон қаласында өтетін марапаттау рәсімінде белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары