Елордада 2 науқасқа қазақстандық стент қойылды

Астанада №2 Көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлер коронарлық стент имплантациялау кезінде алғаш рет Қазақстанда жасалған стентті қолдана бастады.

Елордада 2 науқасқа қазақстандық стент қойылды
сурет: Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі
1050

Астанада №2 Көпбейінді қалалық ауруханада дәрігерлер коронарлық стент имплантациялау кезінде алғаш рет Қазақстанда жасалған стентті қолдана бастады. Жақында екі науқасқа отандық стент қойды. Мұндай ота МӘМС аясында тегін жасалады. 

Жүрегіне отандық стент қойылған нау­қастың бірі – Айша Кәрібайқызы. Оның жасы 68-де. Өте ауыр жағдайда жан­сақтау бөліміне түсіп, онда 5 күн жат­қан. №2 Көпбейінді қалалық аурухана дә­рігерлерінің арқасында науқастың жү­ре­гіне бірінші рет стент орнатылған, бү­гін­де науқастың жағдайы бірқалыпты. Емін палатада жалғастыруда.
– Маған жаңа, Қазақстанда жасалған стент қойды. Ешқандай ақы төлеген жоқпын, бәрі МӘМС бойынша. Қазір жағдайым жақсы. Бә­ріне алғысым шексіз, – дейді 68 жас­тағы астаналық.
Стент – қан ағымын қалпына кел­ті­ре­­тін кішкене түтік. Қан айналымын қам­­тамасыз ету үшін зақымдалған қан та­­мырына енгізіледі.
Біздің аурухана жағдайында Қа­зақ­станда алғаш рет миокард инфаркт бол­ған екі пациентке елімізде жасалған ко­ро­нарлық стент орнатылды. Айта кету ке­рек, бұл стент сапасы жағынан, өтім­ділі­гі жағынан шетелдік брендтерден кем түс­пейді. Сондай-ақ үлкен сызығы бар, бұл стенттердің мөлшері бойынша біз үшін маңызды.
Алдағы уақытта отандық стент жасау өн­дірісі артады деген үміттеміз. Опе­ра­ция­лардың барлығы ТМККК аясында, сон­дай-ақ МӘМС жүйесі бойынша нау­қас­тарға тегін жасалады, – дейді Аста­на­дағы №2 Көпбейінді қалалық ауру­ха­на­ның интервенциялық кардиология және арит­­мология бөлімінің меңгерушісі Те­мір­бек Жанпайызов.
Коронарлық тамырларды стенттеу аз ин­вазивті әдіспен емдеу түріне жатады. Опе­рация барысында тарылған қан та­мырларының аймағын кеңейтетін құ­рыл­ғы орнатылады. 
– Ауруханаға түсем дегенше, жағ­дайым нашарлап қалды. Бұрын да жүрегіме 2-3 рет стент қойыл­­­ған болатын. Бұл жолы дәрігерлер қа­­зақ­стандық стент қойды. Еш айырма­шы­­лығын сезбедім. Қазір жақсымын, – дейді екінші нау­қас Кәрім Жанаспаев.
Айта кетейік, 2023 жылдың басынан Астана қаласында МӘМС есебінен 23 млрд теңгеден астам сомаға жоғары тех­нологиялық медициналық қызметтер бойынша 14 000-нан аса ота жасалды. Мы­салы, 2023 жылдың 10 айының қоры­тын­дысына сүйенсек, Астана қаласы бойын­ша 10,3 млрд теңге сомасына 1 568 кар­диохирургиялық операция жасалған.

Серіктес жаңалықтары