«Үйленетін жаста»: Димаштың анасы болашақ келініне қоятын талабын айтты
Анасы Димаштың қасында болашақта қандай қыз көргісі келетінін айтты.
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева болашақ келініне қояр талабын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Димаш үйге келеді деген сөзді естіген бойда әжесі қазанға етті салады, сол күннен бастап дайындыққа кіріседі. Ол бала кезінен етті жақсы көреді. Біз де басқа отбасылар сияқты қысқа дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Жазда компот дайындаймыз, сонымен қатар тұздалған қияр банкаларын жабамыз. Сену қиын, бірақ тек Димаш үшін біз 100-ден астам банка жинаймыз», - деді ол.
Анасы Димаштың қасында болашақта қандай қыз көргісі келетінін айтты.
«Димаш үйленетін жаста. Менде ерекше талаптар жоқ. Егер ол бірдеңе істеуді білмесе, мен оған бәрін үйретуге дайынмын. Біз де бөтен үйге келгенде, жасай алмайтын нәрселеріміз болды», - дейді Светлана Айтбаева.