1249
«МАЭК» ЖШС бас директоры қызметінен кетті
Бұл қызметке Жасұлан Сүйіншәлиев 2022 жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді
«МАЭК» ЖШС бас директоры Жасұлан Сүйіншәлиев қызметінен кетті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.
"14 желтоқсаннан бастап Жасұлан Сүйіншәлиев денсаулық жағдайы бойынша бас директор қызметінен кетті. Жаңа тағайындау әлі болған жоқ", - делінген баспасөз мәліметінде.