Бүгін Астанада қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Ойын барысын тамашалауға тегін кіруге болады

Бүгін Астанада қазақ күресінен республикалық турнир өтеді
egemen.kz
1153

Бүгін елордада қазақ күресінен өтетін республикалық бәсеке «Дала қырандары» деп аталады, деп жазады turkystan.kz Спорт қорына сілтеме жасап.

Жарыстың өтетін күні — 17 желтоқсан. Өтетін орны — Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Ойын барысын тамашалауға тегін кіруге болады.

«Турнирде жыл бойы рейтингтік жарыстарда 8 салмақта жоғары ұпай жинаған 64 балуан сынға түседі. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Марат Нигматуллаев, Бекет Жүніс, Ержан Еренқайыпов және Жұмажан Қожамбеков сынды Әлем және Азия чемпионаттарының, Әлем кубогінің, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері бар», — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары