1104
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы маңындағы тауларда 2600 -ден жоғары биіктікте қар қалындығының 25 см ұлғайуына байланысты (қардың түсуі әлі жалғасуда) Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде және Богданович мұздығының ауданында көшкін жүру қаупі сақталады», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Осыған байланысты «Қазселденқорғау» мекемесі мен ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан тауға барудан бас тартуды сұрайды.