Алматыда Мәскеу сауда орталығында жаппай төбелес болды

Қазіргі уақытта сауда кешені қоршалып, барлық есіктер жабылды

Алматыда Мәскеу сауда орталығында жаппай төбелес болды
Әлеуметтік желіден
6402

Алматыда Мәскеу сауда орталығындағы дүкендердің бірінде төмендетілген бағамен сауда жүріп, соңында жұрт жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жаппай сатылымының кесірінен басқа бутиктердің терезелері сынған. Аталған оқиға @100baksoff қоғамдық парақшасында жарияланған.

Сауда жасаушылардың көп келуіне байланысты Алматы сауда орталығында төтенше жағдай орын алды. Жиналған халық бірнеше сауда нүктелері мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді, - делінген Instagram желісінде.

Қазіргі уақытта сауда кешені қоршалып, барлық есіктер жабылды. Эвакуация кезінде апаттық сирена іске қосылған.

Серіктес жаңалықтары