Экономиканың өсуі және инфляцияның баяулауы: Үкімет 2023 жылдың қорытындысын шығарды

Биыл Қазақстан 65 миллиард доллардың тауарын экспорттады.

Экономиканың өсуі және инфляцияның баяулауы: Үкімет 2023 жылдың қорытындысын шығарды
Ашық дереккөз
1024

Үкіметтің баспасөз қызметі 2023 жылғы Қазақсатнның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтіп, жыл қорытындысын жариялады.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауларында белгіленген ауқымды реформаларды іске асыру жалғасын тапты. Жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді, бірқатар ірі мемлекеттік бастамаларды, соның ішінде "Жайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобаларын іске асыру басталды.

Сонымен қатар үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар қолға алынды, бұл сыртқы күйзелістердің әсерін төмендетуге және алдағы кезеңге экономикалық дамудың негізін қалауға мүмкіндік берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет алдына ұлттық экономика көлемін 2 есеге арттырып, 450 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін қойды. Ол үшін жыл сайынғы тұрақты экономикалық өсімді кем дегенде 6% деңгейінде қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады. Атап айтқанда, стратегиялық мақсатқа қол жеткізуде өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру маңызды рөл атқаратын болады.

Негізгі экономикалық көрсеткіштер

Ел экономикасы сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп, биыл орнықты өсу траекториясына шықты. Қаңтар-қараша айларының қорытындысына сәйкес экономиканың өсуі 4,9%-ды құраса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,7%-ды құраған. Жалпы республика бойынша жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 11,5 мың АҚШ долларынан 13,3 мың АҚШ долларына дейін өсті.

Жылдық мәндегі инфляция қарашада 2022 жылғы желтоқсандағы 20,3%-дан 10,3%-ға дейін төмендеді. Бұған жедел және орта мерзімді 90 қадамды қамтитын тиісті шаралар кешенін жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткізілді.

6 айдың қорытындысына сәйкес 13,3 млрд АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ орта мерзімді кезеңде экономикалық өсуді қолдауға кепілдік береді. Жыл қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестиция шамамен 27 млрд АҚШ доллары деңгейіне жеткізу жоспарланған.

Экономиканың барлық салаларында жалпы құны 967,7 млрд теңгені құрайтын 210 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Ол 19,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Жалпы жыл қорытындысы бойынша 1,6 трлн теңгеге 291 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Қостанай қаласында KIA автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде индустриялық аймақтың аумағынан 70 га жер телімі берілді.

Машина жасау өндірісі 26,8% – рекордтық қарқынмен өсті. Бұл ретте автомобиль жасау және электр жабдықтарын өндіру салаларында көрсеткіштер одан да жоғары, сәйкесінше шамамен 41% және 32%-ті құрады.

Биыл Қазақстан 65 млрд АҚШ долларының өнімін экспорттады, сонымен бірге өңделген тауарлардың экспорты 21 млрд АҚШ долларынажетті.

IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 6 тармаққа көтеріліп, әлемнің 64 елінің ішінен 37-ші орынға ие болды. Рейтингті дайындау үдерісінде экономикалық қызмет, үкіметтің тиімділігі, бизнес пен инфрақұрылымның тиімділігі сияқты бағыттар бойынша кешенді зерттеу жүргізіледі.

Үкіметтің қаулысымен 2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы 30 мың гектарды құрайтын "G4 City" арнайы экономикалық аймағы құрылды. 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде шамамен 3,7 трлн теңге инвестиция тарту және 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Іскерлік ахуалды және бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойыншажаңа бастамалар жүзеге асырылды. Осылайша ірі инвесторлармен жеке шарттарда келісімдер жасауға мүмкіндік беретін инвестициялық келісімдербойынша қосымша тетіктер енгізілді. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасау кезінде салық заңнамасының тұрақтылығына 10 жылға кепілдік беріледі.

"Қарапайым заттар экономикасы" кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша шарттар жетілдірілді: өңдеу өнеркәсібінің қосымша түрлері енгізілді; субсидиялау мерзімі 7 жылға дейін ұзартылған экономиканың 20 негізгі секторының тізбесі анықталды; әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін қосымша қолдау шаралары енгізілді және т. б.

Ақтөбе облысында қалалық жолаушы тасымалдаушылардың автобус паркін жаңарту үшін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның лизингтік қаржыландыру бағдарламасы арқылы жылдық 7% сыйақы мөлшерлемесімен 112 жаңа автобус сатып алынды.

10 мың артық бизнес талаптары алынып тасталды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 1 мың талап алынып тасталады.

Тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру жұмыстары аяқталды. Бұл 2024 жылдан бастап кәсіпкерлікті тексеру санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Жүйені пайдалану кезінде адам факторы толығымен алынып тасталады.

Ақмола облысы Целиноград ауданы. Қуаттылығы тәулігіне 3 мың тоннаға дейін сүт өндіретін зауыт ашу. Инвестициялық жоба "Даму" кәсіпкерлікті дамыту орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету (субсидиялау және кепілдік беру) жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, бұл мақсаттарға "Бәйтерек" холдингі желісі арқылы 2,3 трлн теңге бөлінді. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 209 млрд теңгеден 288 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Жалпы инвестиция көлемі шамамен 15 млрд теңгені құрады, оның 5 млрд теңгесі "Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ негізгі жабдықтар лизингі.

Жалпы, мемлекет қабылдаған шаралар шағын және орта бизнесөнімін шығаруды 2022 жылдың 6 айында 23 трлн теңгеден осы жылдың сәйкес кезеңінде 29 трлн теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 500 мыңға өсіп, 4,3 млн адамды құрап отыр. Бұл ретте елдің жалпы ішкі өінмдегі шағын және орта бизнес үлесі 36,4%-ға жетті.

Экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссия жұмысы басталғаннан бері республикалық және коммуналдық меншікке 15 компания, 7 ғимарат, 160-тан астам теміржол мен құрылыстар және басқа да мүліктердің (2 мың бірліктен астам) акциялар пакеті мен қатысу үлестеріқабылданды.

Сонымен қатар "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 1 млрд теңге көлемінде қаражат жіберілді. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына шамамен 2 млрд теңге бағытталды.

Жаңадан жекеменшік операторлардың пайда болуына жол бермеудің алдын алу шарасы ретінде Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан әлеуметтік маңызы бар, оның ішінде стратегиялық маңызды 217 нысан алынып тасталды.

Серіктес жаңалықтары