Индонезияда қазақстандықтар қауымдастығы құрылды

Қауымдастық мүшелері Индонезиядағы өмір сүру және жұмыс жағдайлары туралы айтып, оларды қызықтыратын консулдық-құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алды.

Индонезияда қазақстандықтар қауымдастығы құрылды
СІМ
950

Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығы аясында, еліміздің Тәуелсіздік күнінде Индонезиядағы қазақстандықтардың қауымдастығы құрылды, деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Денпасар қаласында (Бали аралы) өткен кездесу барысында Елші Сержан Әбдікәрімов отандастарымызды осы айтулы оқиғалармен құттықтап, Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен келешектері туралы хабардар етті.

Қауымдастық мүшелері Индонезиядағы өмір сүру және жұмыс жағдайлары туралы айтып, оларды қызықтыратын консулдық-құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алды.

Іс-шараға қатысушылар Елшіліктің Қауымдастықты құру туралы бастамасын бірауыздан қолдай келе, оның төрағасын сайлап, алдағы жоспарларын белгіледі.

Серіктес жаңалықтары