864
«Қазақфильмде» 400 млн теңгенің ұрланғаны анықталды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақфильмді» тексеру қорытындысы бойынша, аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.