Алматыдағы «Асы жайлауы» мемлекет меншігіне қайтарылды

Жиында 2,4 мың гектар аумақты құрайтын «Бұғыты» қыстауы мемлекет меншігі де қайтарылғаны айтылды.

Алматыдағы «Асы жайлауы» мемлекет меншігіне қайтарылды
Facebook/Бақытжан Базарбек
1115

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Бүгін, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының жиыны өтті. Іс-шараға комиссия төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия мүшесі, ҚР Бас жер инспекторы Мұрат Теміржанов қатысты. Жиында 2,4 мың гектар аумақты құрайтын «Бұғыты» қыстауы мемлекет меншігіне қайтарылғанын халыққа жария еттік. Сонымен қатар «Іле-Алатау Тур» ЖШС-нен №03-044-184-002 кадастрлік нөмірдегі аумағы 3 500 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы атақты «Асы жайлауы» деп аталатын жердің мемлекеттік меншікке қайтарылғанын жария еттік. «Асы» жайлауының мемлекеттік меншікке Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы №907 қаулысымен қабылданды. Ал біз «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясы мүшелері Ақмола облысына іссапарға шығуға әзірленудеміз» деп жазды Мәжіліс депутаты.

Серіктес жаңалықтары