1463
Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкініп, 118 адам қаза тапты
Ресми мәліметке сүйенсек, 6,2 балдық дүмпу тіркелген. АҚШ Геологиялық зерттеулер институты (USGS) жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 деп бағалады.
Сейсенбіге қараған түні Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында жер сілкініп, 118 адам қаза тапты, деп жазды Euronews елдегі мемлекеттік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері Бейжіңнен оңтүстік-батысқа қарай 1300 км жерде, Цинхай провинциясымен шекаралас Ганьсу провинциясында тіркелді.
Ресми мәліметке сүйенсек, 6,2 балдық дүмпу тіркелген. АҚШ Геологиялық зерттеулер институты (USGS) жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 деп бағалады.