ҰҚК шетелдегі алаяқтарға қазақстандықтарды алдауға көместескен күдіктіні ұстады

Күдікті заңсыз телефон байланысын ұйымдастырған.

ҰҚК шетелдегі алаяқтарға қазақстандықтарды алдауға көместескен күдіктіні ұстады
ҰҚК
1004

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз телефон байланысын ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Тергеу болжамы бойынша, онымен шетелдік қаскүнемдерге алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстанға өздерінің қоңырау шалуларын жасыруға мүмкіндік беретін қызметі көрсетілген.

«Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалана отыра жүзеге асырылған. Нәтижесінде, күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып үстеме пайда алған, ал шетелдік алаяқтар оның қызмет көрсетуін пайдалана республиканың тұрғындарын алдаған», – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары