Павлодарда жалғызбасты әкенің пәтері өртеніп кетті

Өрт салдарынан көршілері де зардап шеккен.

Павлодарда жалғызбасты әкенің пәтері өртеніп кетті
Куәгерлер ұсынды
578

Павлодарда жалғызбасты әкенің пәтері өртеніп кетті. Vita еріктілері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек қолын созуға шақырады, деп хабарлады turkystan.kz.   

«Виталий ұзақ жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі баланы жалғыз тәрбиелеп келеді. Отбасындағы  жалғыз асыраушы жалға алған пәтер ақысын төлеп, күн көру үшін күн сайын жұмысқа барады», – дейді  «Vita» Павлодар қаласының іздеушілер» ҚБ басшысы Екатерина Кудрявцева.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, баланың тәрбиесіне Виталийдің егде жастағы анасы көмектеседі. 

«Бала ерекше болған соң түнде нашар ұйықтайды, күндіз түскі уақытта екі-екі жарым сағат қана ұйықтайды. Сол кезде әжесі тамақ дайындап, басқа шаруаларды атқарып үлгереді. Сол күні де әжесі тамақ дайындаған соң нан алу үшін сыртқа шыққан, қайтып келгенде жүрегі тоқтап қала жаздаған», – дейді «Vita» Екатерина Кудрявцева.

Бала ұйқыдан оянған соң ас үйге барып,  шырпымен креслоны тұтатқан. Әрі қарай ештеңе түсінбестен балконға шыққан. Тілсіз жаудың кесірінен отқа оранған пәтерді қалпына келтіру жалғызбасты әкеге оңай түспесі анық. Бұған қоса, өрт салдарынан көршілері де зардап шеккен.  

Серіктес жаңалықтары