«Мұндай бәрінің басынан өткен»: Мырзағали Айтжанов Асланбек Шымбергеновтің жеңілісі туралы айтты

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов турнирді қорытындылап, пікір білдірді.

«Мұндай бәрінің басынан өткен»: Мырзағали Айтжанов Асланбек Шымбергеновтің жеңілісі туралы айтты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
4103

15 желтоқсан күні Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен «Чемпиондар түні» халықаралық турнирі өтті. Аталған сынға Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары да қатысты, деп хабарлады turkystan.kz

Bassport.kz-тің жазуынша, турнирде Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Бекзад Нұрдәулетовтер жеңіске жетсе, Ермахан Жакпеков, Асланбек Шымбергенов пен Серік Теміржановтар қарсыласқа есе жіберді. 

Осы орайда, бас бапкер Мырзағали Айтжанов турнирді қорытындылап, пікір білдірді.

«Бұл турнир біздің құрама боксшылары үшін тәжірибе ретінде қарастырылды. Махмұд Сабырхан да, Санжар Тәшкенбай да мұндай кездесулерге алғаш шығып отыр. Ал енді команда капитанының жеңілісіне келер болсақ, мұндай бәрінің басынан өткен. Әйгілі Мұхаммед Әлидің де, Майк Тайсонның да... Осы бір жеңіліске бола оның мансабына балта шабуға болмайды. Асланбек өзі оңай шағылатын жаңғақ емес. Бұл жағдайдан соң мықты болып ораларына сенемін. Негізі, ол кездесу барысында жеңіп келе жатты. Бокс деген өзі сондай ғой... Бір сәт, бір соққы көп нәрсені шешіп кетеді. Асланбек те қарсыласының сондай соққысын атап болды. Бұл жекпе-жектегі қарсыластарды IBA таңдап берді. Спорт болған соң жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Бұдан соң Шымбергеновті тынықтырып аламыз. Мұндай кездесулер сабақ болары сөзсіз», - деді Айтжанов. 

 

Серіктес жаңалықтары