Павлодар тұрғыны пәтерін қоқыс үйіндісіне айналдырып жіберген

Тұрғынның бір бөлмелі пәтерде қоқыс жинайтын әдеті бар болып шықты.

Павлодар тұрғыны пәтерін қоқыс үйіндісіне айналдырып жіберген
polisia.kz
876

Учаскелік полиция инспекторына Павлодар қаласының тұрғындары қоңырау шалып, көршісінің пәтеріндегі қоқысты тазалауға көмек көрсетуді сұраған, деп хабарлады turkystan.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, инспектор Кривенко,81 көшесіндегі үйдің пәтерінде 57 жастағы ер адам тұратынын анықтады. Оның бір бөлмелі пәтерде қоқыс жинайтын әдеті бар болып шықты.
 

«Көршімізде құбыр қатып қалды. Сондықтан үйде жылу болған жоқ. Біз оның пәтерінің есігін қақтық, бірақ есікті ашпады», - деді көршілер.

«Әкімдікке қоңырау шалып, бұл мәселені дереу шешуді және қоқысты шығаруға жәрдемдесуді сұрадым. Әкімдік тіркемесі бар КамАЗ көлігін бөлді. Бірнеше күн бойы пәтерден қоқыс шығардық. Содан кейін сантехник құбырды жөндеп, жылуды қосты», - деді Жәнібек Қасымханов.

 

Серіктес жаңалықтары