Бекзад Нұрдәулетов Парижде қай елдің атынан өнер көрсетеді?

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетовтің айтуынша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовті де шақырған

Бекзад Нұрдәулетов Парижде қай елдің атынан өнер көрсетеді?
Фото: Lada.kz
3027

Бүгін қыздар арасында бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы Владислава Кухта Венгрия құрамасына ауысқаны белгілі болды. Мажарлар мұнымен де тоқтап қалмай, ерлер құрамасында мықтыларға да ұсыныс жасаған, деп хабарлады  turkystan.kz. 

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетовтің айтуынша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовті де шақырған, деп жазды Bassport.kz.

«Мажарстандағы әріптестеріміз Бекзад Нұрдәулетов пен Дархан Дүйсебайды өз қатарларынан көргісі келді. Бірақ ресми түрде ұсыныс түскен жоқ. Тек телефон арқылы әңгімелескенде және халықаралық жарыстарда кездесіп қалғанда осы мәселені алға тартатын. Білуімше, Бекзад бұл ұсыныстан бірден бас тартқан. Десе де, боксшыларды өз қатарына қосқан жағдайда да олар Олимпиадаға қатысып үлгермейтін еді. Сол себепті бұл ойларынан бас тартқан сияқты», - деді Азиз Қожамбетов.

Серіктес жаңалықтары