Қазақстандық әнші FlyArystan әуекомпаниясының бортсерігіне қол көтерген

Белгілі болғандай, ол сыртқы киімінің үстіңгі жәшіктерде мыжылып қалғанына наразылығын білдірген,

Қазақстандық әнші FlyArystan әуекомпаниясының бортсерігіне қол көтерген
Фото: flyarystan.com
1000

Қазақстандық әнші FlyArystan әуе компаниясының бортсерігіне қол көтерген, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы әуе компаниясы өзінің Telegram арнасында мәлімдеді. Оқиға 18 желтоқсан күні болған.

Әншінің аты-жөні жарияланбаған. Белгілі болғандай, ол сыртқы киімінің үстіңгі жәшіктерде мыжылып қалғанына наразылығын білдірген, содан кейін стюардесса әншінің сырт киімін алып, қол жүгінің үстіне қоюға тырысып жатқанда жолаушы өзінің күртешесін тартып алған және стюардессаның маңдайынан ұрған.

«Қызметкеріміз физикалық және психо-эмоционалды зардап шекті, ал рейс бір сағатқа кешіктірілді», – делінген хабарламада.

Жолаушы полицияға тапсырылып, оған «алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келу» бабы бойынша айып тағылды. Сондай-ақ жолаушыны жауапкершілікке тарту үшін стюардесса сот-медициналық сараптамадан өткен.

Әуе компания өз қызметкеріне барынша психологиялық, медициналық және құқықтық қолдау көрсетуге тырысып жатқанын, сондай-ақ аталмыш жолаушыны қара тізімге енгізу үшін жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары