Атырауда екі ер адам шетелдікті қамауда ұстап, ақша бопсалаған

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Атырауда екі ер адам шетелдікті қамауда ұстап, ақша бопсалаған
polisia.kz
874

Атыраулық полицейлер шетелдікті қамауда ұстап, ақша бопсалағандарды құрықтады, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 желтоқсан күні Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады.

«Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік азаматты ұрып-соғып, 1 100 000 теңге бопсалап, банк есепшоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген», – делінген хабарламада.

Күдіктілер 36 және 32 жастағы Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Серіктес жаңалықтары