1700
Алматыда автобус аялдамадағы бір топ адамды қағып кетті, қайтыс болғандар бар
Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Алматы қалалық Полиция департаменті бүгін, 22 желтоқсанда 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрғанын, салдарынан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалғанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Аlmaty-akshamy жазғандай, бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сараптама тағайындалды.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.