«Рингке жазда оралады»: Рахмоновтың операция жасататыны рас па?

Рахмоновтың тобығына жасалатын отаның салдары белгілі болды

«Рингке жазда оралады»: Рахмоновтың операция жасататыны рас па?
Ашық дереккөз
1006

Америкалық Youtube арнасының авторы SerEbro EnlosDeportes қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың тобығына жасалатын отаның салдары туралы айтты, деп жазады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Шавкат Рахмоновтың тобығына ота жасалатындықтан, ол кем дегенде алты-жеті ай алаңға шықпайды. Мен спортшы рингке жазда оралады деп шамалап отырмын. Бірақ Шавкатқа асығудың қажеті жоқ: ол ота жасатып, Белал Мұхаммад пен Леон Эдвардстың жекпе-жегін тамашалап, содан кейін жеңімпазбен кездесе алады», - дейді арнаның авторы.

Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке емделмеген жарақатымен шыққанымен, қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңе алды.

Серіктес жаңалықтары