1202
ҰҚК Алматы әуежайында қауіпті қылмыскерді ұстады
Ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінді
Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұрын ол ұрлық, зорлық жасағаны және кісі өлтіргені үшін сотталған.
Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған.
Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінді.
Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.