851
Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады.
«Қазгидромет» РМК 26-28 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады.
«Жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі. Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді», – делінген хабарламада.
26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с асады.