677
Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барды
Президент ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.