Қазақ зиялыларын жатқа білетін 3 жасар бала жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)

Бейнежазбада қолына «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөнін сұрайды.

Қазақ зиялыларын жатқа білетін 3 жасар бала жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр
778

Қазақ зиялыларының аты-жөндері мен суреттерін жатқа білетін бүлдіршін көпті сүйсіндірді. Балабақша жасындағы баланың ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада қолына «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөнін сұрайды. Бүлдіршін болса «Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов» деп қазақ зиялылыларының есімдерін айтып береді.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары бүлдіршіннің есте сақтау қабілетіне таң қалысып, болашақта ғалым болсын деген тілектерін білдірді.

«Мықты бала болайын деп тұр», «Алла қаласа, балаңыз үлкен ғалым болар. Тіл-көзден аман болып, үлкен азамат боп өссін», «Өзім тек Абайды білемін, қалғандарын ұмытып қалыппын. Жарайсың, балақай», «Келешекте жазушы болшы. Тез ұғады екен», «Керемет. Тіл-көзден амал бол, балапан», «Осынша жасында бәрін біліп тұр. Бір жерді тесіп шығады», «Талабыңа нұр жаусын», «Бізден жақсы біледі екен» деп жазды желідегілер.

Автордың желі қолданушыларының пікіріне берген жауабына сүйенсек, балақай 3 жаста. Шымкент қаласында тұрады.

 

Серіктес жаңалықтары