Маңғыстауда Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 172 мың айыппұл төледі

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемкорлыққа қарсы департаменті мәлім етті.

Маңғыстауда Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 172 мың айыппұл төледі
caravan.kz
1077

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ҚР ӘҚБтК 680-бабы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК (172 500) теңге айыппұл төледі, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

- Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек стансасының директорын тағайындау барысында, үміткер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тағайындалғанға дейін ұсынбаған (Заңның 11-бабына сәйкес). Яғни, Заңның 11-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды сақтамай, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек станциясының директоры етіп тағайындайды, - делінген Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті таратқан ақпаратта.

 

Серіктес жаңалықтары