Қазақстандық кеншілер арнаулы төлемді қалай алады? – Министр жауабы

Арнаулы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады

Қазақстандық кеншілер арнаулы төлемді қалай алады? – Министр жауабы
turaninfo.kz
694

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын таныстырды.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізілетінін хабарлады.

Ведомство басшысы 55 жасқа толған және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін кеншілер арнаулы төлемді қалай алатынын түсіндірді.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол пайдалануға дайын. Арнаулы төлем проактивті түрде және 4 көзден «Азаматтық үкімет» порталы арқылы бір төлеммен беріледі. Біріншіден, еңбек ресурстарының порталында жұмысшы өзінің төлем мөлшерін көре алады. Ол жеке кабинетіне кіріп, логинін теріп, авторизациядан өтеді. Осылайша, жұмыс берушіге өтініш жібереді. Екіншіден, жұмыс беруші сол өтініш арқылы еңбек шартын бұзады. Осы ақпаратты ол біздің жүйемізге енгізеді. Сол кезде біз макет даярлап, төлемдерді төлейміз, - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ведомство басшысы министрліктің ақпарат жүйесі сынақтан өткенін айтады.

Серіктес жаңалықтары