Қазақстандық теннисші Түркияда өткен турнирде жеңіске жетті

Дмитрий Попко шешуші матчта Макс Алькала-Гурриге қарсы ойнады

Қазақстандық теннисші Түркияда өткен турнирде жеңіске жетті
olympic.kz
945

Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Попко Антальяда өткен ITF M15 категориясындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық спортшы шешуші матчта Макс Алькала-Гурриге қарсы ойнады. Ойын екі сеттік түрде өтіп, нәтижесінде Дмитрий Попко 6:4 және 7:5 есебімен жеңді. 

Гурри 21 жасында ITF сериясының үш титулын жеңіп алды, біреуі жалғыз, екеуі жұптық ойын барысында. Ал Попконың мансабында 27 жасқа дейін осы серияның 27 атағы бар. Сонымен қатар, Попко екі рет "Челленджер" сериясында да жеңіске жетті. Бірақ оның қарсыласында мұндай титул жоқ.

Дмитрий жетістіктерімен ерекшеленіп тұрса да, ойында өзінің мықты екенін тағы бір дәлелдеп шықты. Дмитрий допты ойынға қосу барысында бірнеше рет қателесті. Десе де бұл оның жеңіске жетуіне кедергі болмады.

2023 жылы Дмитрий Попко ITF бөлімі бойынша үшінші рет жеңіске жетіп отыр. ATP рейтингінде теннисші 455-орынға жайғасты, ал жұптық сында 800-орында.

Серіктес жаңалықтары