«AMANAT» партиясы тұтас республика аумағын қамтыған жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда – Серікбаев

Бүгінгі таңда партияның жанында 9 республикалық кеңес жұмыс істейді.

«AMANAT» партиясы тұтас республика аумағын қамтыған жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда – Серікбаев
ашық дереккөз
794

Елімізде президент бастамасымен күрделі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар іске асырылып келеді. Осы орайда Мемлекет басшысы реформаларының орталықтан аймақтарға дейін тиімді орындалуы мақсатында еліміздегі ең ірі партиялық ресурсқа ие «AMANAT» партиясы тұтас республика аумағын қамтыған жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда. Бұл туралы саясаттанушы Бауыржан Серікбаев  Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгінгі таңда партияның жанында 9 республикалық кеңес жұмыс істейді. Бұл кеңестер ғылым, білім, денсаулық, азаматтық қоғам, экология, сыбайлас жемқорлық, аграрлық сектор, әлеуметтік бағыт сынды түрлі салаларды қамтиды. 2023 жылы 51 кеңес отырысы өткізіліп, 81 мәселе қаралап, мәселені шешу бойынша 517 нақты ұсыныстар әзірленген», – деп жазды Бауыржан Серікбаев.  

Партиялық жұмыстың келесі бір бағаты жыл басынан бері «AMANAT» партиясы 18 партиялық жобаны іске асыруда.

«Партиялық жобалардың ішінде ұлттық-патриоттық бағыттағы «Ұлттық мұра» жобасы аясында 2023 жылы 3 халықаралық, 19 републикалық, 33 облыстық, 66 аудандық, жалпы саны 121 ақындар айтысы ұйымдастырылды. Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналып «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы өтті. Партия ұлттық спорт түрлерін қолдау бағытында «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығының ұымдастырылуына белсенді қолдау көрсетіп келеді. Елімізде Отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Кітап-АMANAT» жобасы аясында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, 9 облыс орталығы мен 2 елді-мекенде жалпы саны 15 кітап орталықтары ашылды. Партия 2022 жылдан бастап Конрад Аденауэр қоры өкілдігінің қолдауымен Қазақстандағы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту мақсатында «Томирис» жобасын іске асыруда. Тағы бір еліміз үшін маңызды бағыт халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2023 жылы «Құқықтық көмек» партиялық жобасы қолға алынған. Аталған жоба аясында партия биылғы жылдың 11 айында 5,2 мың ел азаматтарын қабылдап, құқықтық қолдау көрсетті», – деді ол.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған ұлттық-париоттық бағыттағы партиялық жобалардың негізгі мақсаты – президент реформаларының тиімді іске асуына үлес қосу, осы бағытта қоғамдық консолидация мен ел бірлігін қамтамасыз ету.

«Партия президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның қоғамдық тірегі ретінде өз ұстанымын айқындап, қоғамның барлық салаларын қамтыған кең көлемді, жүйелі жұмыстарды іске асырып жатқаны анық. Атап өтетін дүние партия популизмнен аулақ, нақты іске негізделген, елге пайдалы халықтық жобаларды іске асыруда ауқымды шаруаларды қолға алғаны байқалады. Бұл жобалар мемлекет басшысы реформаларымен үндесіп, қоғамда әлеуметтік әділеттілік ұғымының орнығуына оң септігін тигізуде. Партияның кадрлық, материалдық ресурсы Мәжіліс, маслихат депутаттарының, еріктілер құрамы мен азаматтық қоғам белсенділерінің өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ете алды деуге толық негіз бар», – деді саясаттанушы.

 

Серіктес жаңалықтары