Қостанай облысында әжесі мен немересі жоғалып кетті

Степной елдімекенінде 58 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз жолай көлік тоқтатамыз деп үйден шығып кеткен.

Қостанай облысында әжесі мен немересі жоғалып кетті
Ашық дереккөз
1458

Қарт әйел мен баланы іздеуге жергілікті құтқарушылар жұмылдырылды. Жоғалғандар жайында әлеуметтік желіде хабарланды.

26 желтоқсан таңғы сағат 7.00 шамасында Степной елдімекенінде 58 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз жолай өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып мінеміз деп үйден шығып кеткен.

Содан бері қайда жүргені белгісіз. Олар Тобыл қаласын бетке алған еді. 

Іздеу-құтқару жұмысына еріктілер, полиция, әкімдік қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылған. Бұл іске 2 квадроцикл тартылды. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бұл жұмысты қолайсыз ауа райы да қиындатып отыр. Бүгін Қостанай облысында қарлы боран соғып тұр. 

Бұрқасында қар құрсауында қалған адамдар жылыту пунктіне жеткізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары