Қостанай облысында жоғалып кеткен әже мен немеренің денесі табылды
Із-түзсіз жоғалған әжесі мен немересін табу үшін дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды
Қостанай облысындағы ауылдың шетінен әйел мен баланың мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, 68 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз 2023 жылдың 26 желтоқсанында таңертең Степное ауылынан шығып, үйіне оралмаған соң іздеу жарияланған. Олар Қостанайға барып азық-түлік сатып алмақ болған.
Полицейлер із-түзсіз жоғалған әжесі мен немересін табу үшін дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іздеу жұмыстарына 120-ға жуық адам мен алты техника жұмылдырылды.
«2023 жылы 27 желтоқсанда сағат 12-лер шамасында Степное ауылының шетінен жоғалған адамдардың мәйіті табылды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ведомство барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.