«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

Іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.

«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәріге іздеу жарияланды
mediazona.ca
1244

«НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды. Іздестіру жұмыстарын Өскемен Полиция басқармасы жүргізеді.

Еске салсақ, бұған дейін Дина Таңсәрінің алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Бұл туралы ақпаратты ШҚО ПД баспасөз қызметі растады. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады.

 

Серіктес жаңалықтары