ЕҰУ ғалымдары «суперасфальт» әзірлеп жатыр

Университет ғалымдары отандық стандарттарды әзірлеу кезінде қазақстандық өндірушілердің материалдарын қолданады.

ЕҰУ ғалымдары «суперасфальт» әзірлеп жатыр
Instagram.com/qaj_vko
1230

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Superpave технологиясын өндіріске енгізу жұмыстарын бастады. Озық әдіс асфальтбетонды жобалау кезінде  климаттық факторларды, көлік жүктемесін, қозғалыс қарқынын және шикізат сапасын ескереді. Оның арқасында жол төсемінің беріктігі қамтамасыз етіледі.

ЕҰУ базасында еліміздің құрылыс, жол құрылысы секторында аккредиттелген қызметтердің толық циклін қамтамасыз ететін Қазақстандағы алғашқы құрылыс-техникалық инженерлік орталық құрылды. Онда супер асфальтқа арналған экологиялық тиімді технологиялар әзірленеді.

Университет ғалымдары отандық стандарттарды әзірлеу кезінде қазақстандық өндірушілердің материалдарын қолданады. Бүгінде асфальтқа арналған арнайы қоспалар дайындалды. ЕҰУ ғалымдары инновациялық асфальт-бетонды өндіріске енгізудің алдында оның үлгілерін заманауи жабдықта сынақтардан өткізеді. Оның барысында көліктердің ұзақ мерзімді жүру иммитациясы жасалады, әртүрлі жүктемелер кезінде сораптың пайда болуы, жаңбыр мен қарды тәрізді климаттық жағдайларға төзімділігі тексеріледі.  

«Superpave технологиясының артықшылығы – біздің еліміздің климаттық жағдайларын және басқа да ерекшеліктерін ескереді. Битум қоспасы облыстың ерекшеліктеріне сәйкес жасалады. Бірегей аспаптардың көмегімен асфальттың ескіру үрдісі имитацияланатын сынақтар жүргізіледі. ЕҰУ зертханасында сәтті жүзеге асырылып жатқан Superpave  технологиясының тағы бір маңызды ерекшелігі – зертханада нақты жол учаскесіне толығымен сәйкес келетін үлгіні жасау. Егер үлгіні зертханада сынау кезінде нормаларға сәйкес нәтижелерді көрсетсе, дәл осындай нәтижелер жолды нақты пайдалану кезінде де қол жеткізіледі. Бздің жоба инновациялық жол және құрылыс материалдарын әзірлеуде жасыл технологияларды пайдалану арқылы тұрақты дамуға жол ашады», – деп атап өтті ғылыми жоба жетекшісі, ЕҰУ инновацияларды дамыту департаментінің директоры Әсел Жексембаева.

Бүгінде ЕҰУ ғылыми зертханаларында Еуропа мен Азия ғалымдары бірлесе зерттеулер жүргізуде. Коллаборацияның нәтижесі бұл елдерде супер асфальт технологиясын енгізудің сәтті тәжірибесіне жол ашуы ықтимал. Бұл ретте ЕҰУ зерттеушілері шетелдік стандарттарды Қазақстанның барлық аймақтарының климаттық ерекшеліктеріне барынша бейімдеуге баса назар аударады.

Серіктес жаңалықтары