Қазақ ертегілері серб тілінде жарық көрді

Қазақ ертегілері жинағының жүздеген даналары Сербияның кітапханалары мен мектептеріне ұсынылатын болады.

Қазақ ертегілері серб тілінде жарық көрді
ашық дереккөз
957

Қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілету мақсатында Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі серб тілінде қазақ ертегілерінің жинағын шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарлығаш туралы аңыздар, жануарлар дауы, Қаңбақ шал туралы қиял-ғажайып әңгімелер және Алдар көсенің қулықтары, сондай-ақ, қазақ ертегілерінің әйгілі кейіпкерлерінің басқа да шытырман оқиғалары енді кішкентай серб оқырмандары мен олардың ата-аналарына қолжетімді.

24.kz мәліметінше, кітаптың тұсаукесері Жаңа жыл қарсаңында Белград қаласының балалар кітапханасында өтті. Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов балаларды кітаппен таныстыра отырып, елімізге қатысты қызықты фактілер туралы айтып, кішкентай оқырмандарға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Кітапхана қызметкерлері Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша интерактивті викторина өткізді. Сондай-ақ кітаптан бірнеше қазақ халық ертегілері оқылды.

Жақын арада қазақ ертегілері жинағының жүздеген даналары Сербияның кітапханалары мен мектептеріне ұсынылатын болады.

 

Серіктес жаңалықтары