Мырзағали Айтжанов шәкірті Сәкен Бибосыновтың нәтижесі неліктен төмендеп кеткенін түсіндірді
Сәкен Бибосынов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде және Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында жеңіліс тапқан болатын.
Бокстан бас бапкер Мырзағали Айтжанов төл шәкірті Сәкен Бибосыновтың нәтижесі неліктен төмендеп кеткенін түсіндірді. Бұл туралы ол «Qazaq Ring» YouTube жобасында айтты, деп хабарлады turkystan.kz Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақта «Бақ, қайда барасың? Ынтымаққа барамын» деген бір жақсы сөз бар. Ынтымағымыз жоқ болып, бір-бірімізді «анау жақсы, мынау жаман» деп күндейтін кездер көп болып жатыр. Соның бір кесірі осы командаға тиетін шығар. Ауызбіршілік, татулық, бірлік болса, әлі де үлкен белестерді бағындырамыз. Біз қазақылыққа жақын адамбыз. Сол себепті үмітімді үзбеймін. Командада мықты жігіттер, бапкерлер көп. Ғылыми тобымыз бар. Соңғы жарысымыздағы келеңсіз жағдай естен шығып, әлі де лицензиямызды толтырып, биік тұғырдан көрінгенде мұның бәрі артта қалады деп ойлаймын», – деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.
Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде және Ханчжоуда (Қытай) өткен Азия ойындарында жеңіліс тапқан болатын.