Алматыда бірнеше ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады

30 желтоқсаннан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында қосылады.

Алматыда бірнеше ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады
Алматы әкімдігі
728

Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады, деп хабарлады мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі.

30 желтоқсаннан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді.

  • Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 45 орын бар.
  • Түрксіб ауданында 1 аймақ, 305 орын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 орын бар.
  • Жетісу ауданында 2 аймақ, 201 орын және мүгедектігі бар адамдар үшін 20 орын бар.
  • Наурызбай ауданының 1 аймағында 75 орын бар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2 орын жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Медеу ауданында және 11 желтоқсанда Алмалы ауданында ақылы автотұрақтар іске қосылған болатын.

Жұмыс уақыты 8:00-ден 19:00-ге дейін, бір сағаттың құны – 100 теңге. Заңбұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде, "Алматыпаркинг" КМК мобильдік кешендер арқылы (арнайы авто) жүргізіледі. Ыңғайлы болу үшін "Алматы тұрақтары" мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Серіктес жаңалықтары