Абай облысында терроризмді насихаттап жүрген ер адам ұсталды

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Абай облысында терроризмді насихаттап жүрген ер адам ұсталды
ҰҚК
964

29 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұсталды. 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ұсталған адама терроризмді насихаттады деген күдік келтіріліп отыр, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары