1247
Қазақстандықтардың қай елге жиі ақша аударатыны белгілі болды
Шетелден түскен ақша көлемі 2,2 есе азайған.
Қазақстанда ақша аудару жүйесі арқылы халықаралық ақша аударымдарының көлемі қысқарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ranking.kz сайтының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар–қазанында ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы шетелге жіберілген қаражат көлемі 806,9 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегіден 7,2% аз.
2022 жылдың қаңтар–қазанымен салыстырғанда шетелден түскен ақша көлемі 2,2 есе азайып, биыл 10 айда 258,5 млрд теңгені құрады.
«Елдер бойынша 2023 жылдың қаңтар–қазанында Қазақстаннан жіберілген қаражаттың жартысынан көбі тек екі елге кетті – Өзбекстан мен Ресей: тиісінше 232,8 млрд теңге және 195,2 млрд теңге. Сондай-ақ Түркия (184,5 млрд теңге) мен Грузияға (76,7 млрд теңге) айтарлықтай ақша жіберілді», – делінген хабарламада.