1019
Атырауда колледж студентін жоғары курстың студенттері соққыға жыққан
Құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сол оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілген
28 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Атырау агротехникалық колледжінің 17 жастағы студенті соққыға жығылған, деп хабарлады turkystan.kz «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап.
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сол оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілген.
«Жәбірленуші студент жеңіл дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.